3 мыңдай полицей Астанадағы әскери парадта қауіпсіздікті сақтайтын болады

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. 3 мыңдай полицей 7 мамырда Астанада өтетін әскери парад кезінде қауіпсіздікті қадағалайды, деп хабарлады елорданың ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бақытжан Малыбаев.  

«Әскери парад өтетін күні жеке құрамның 3 мыңдай адамы жұмылдырылатын болады», - деді Б.Малыбаев дүйсенбіде Астана әкімдігінің баспасөз мәслихатында.  

Сонымен қатар, тәртіпті күзетуге шамамен 180 бірлік техника тартылады.  

Астанадағы әскери парад 7 мамырда сағат 11 – де басталады, оны мемлекеттік телеарналар тікелей эфирде көрсететін болады. Сонымен қатар парад кезінде оған жақын орналасқан көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылып, қоғамдық көліктердің бағыты уақытша өзгертіледі.

Адамдардың жаншылуын болдырмау мақсатында Астана тұрғындары үшін парадқа кіру шектеледі (шақыру бойынша),  

adimage