31 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады деп болжануда

Күні: 17:22, 28-12-2015.

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – 31 желтоқсанда Қазақстанның барлық дерлік аумағында жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада бейсенбі күні қалың бұлтты, аздап қар жауады, шығыстан 2 м/с жел тұрады, ауа температурасы -9 градус.
Алматыда да бұлтты, оңтүстік-шығыстан 3 м/с самал соғады, ауа температурасы +8 градус.
Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерінде қар жауады, бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы -5-10 градус, кей жерлерінде -13 градус.
Қостанай облысының кей жерлерінде қар жауады, бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел солтүстік-шығыс бағытқа ығысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады,  ауа температурасы -15-20 градус, кей жерлерінде -23 градус. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады, бұрқасындатады, солтүстік-батыстан басталған 9-14 м/с жел, солтүстік-шығыс бағытына ығысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады,  ауа температурасы -7-12 градус, кей жерлерінде -23 градус.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан басталған 9-14 м/с жел оңтүстік-шығыс бағытына ығысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады,  ауа температурасы -7-12, сәйкесінше, кей жерлерінде -4 және -5-10, кей жерлерінде -13 градус.
Алматы және Жамбыл облыстарында күндіз жауын-шашын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан басталған 9-14 м/с жел солтүстік-батыс бағытына ығысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады,  ауа температурасы +3+8, кей жерлерінде 0 градус.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан басталған 9-14 м/с жел, солтүстік-батыс бағытына ығысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, ауа температурасы +5+10, сәйкесінше, кей жерлерінде +13 және +3+8, кей жерлерінде +11 градус
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан басталған 9-14 м/с жел солтүстік бағытқа ығысып, кей жерлерінде 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз 0-5 градус, кей жерлерінде -8 градус. Атырау облысында күндіз кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады, ауа температурасы -5-10, кей жерлерінде -13 градус болады.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -7-12, кей жерлерінде -15 градус болады.


Жаңалықтармен бөлісу: