40 градустық ыстыққа байланысты Қазақстанның 6 аймағында дауылдық ескертулер жарияланды

Күні: 12:41, 14-07-2015.

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның 6 аймағында 40 градустық ыстыққа байланысты дауылдық ескертулер жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметтерінше, 14-18 шілде аралығында күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарында, 14-20 шілдеде күндіз Алматы облысында өте қатты +40+43°C ыстық болады деп күтілуде. Одан басқа 14-17 шілдеде күндіз Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысында +46°C ыстық болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 18-20 шілдеде күндіз синоптиктер +40+43°C ыстық болады деп болжауда.


Жаңалықтармен бөлісу: