5-7 сәуірде Қазақстанның батысы мен солтүстігінде қар аралас жауын жауады

Күні: 16:17, 04-04-2016.

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – 5-7 сәуірде Қазақстанның батысы мен солтүстігінде қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметтерінше, алдағы үш күнде республиканың басым облыстарында атомсфералық тұтас ағым өтуімен бұлттанып, жауын-шашынды болады, республиканың батысы мен солтүстігінде түнде қар аралас жауын жаууы мүмкін.
Одан басқа, синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның едәуір аумағында 5-7 сәуірде түнде және таңертең тұманды болып, көріну қашықтығы 500 метрден кем болады.
Хабарда айтылғандай, Ресейдің шығысы мен еуропалық аумағында орналасқан циклон Батыс Сібірге қарай ығысып келеді. Сол циклонмен атмосфералық тұтас ағым байланысты болып, ол Қазақстан ауа райына әсер етеді.


Жаңалықтармен бөлісу: