Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – АҚШ Ауғанстандағы өзінің әскери миссиясын келесі аптада тәмамдайды. Бұл туралы американдық әскери қызметкерлермен кездесуінде Құрама Штаттарының президенті Барак Обама мәлім етті, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).
«Біз көптен бері 13 жылдан астам уақыт соғыс жағдайында болдық», - деді ол, Вашингтон мен Нью-Йорктегі террактілерге жауап ретінде 2001 жылғы қазан айында Ауғанстанда басталған операцияны меңзеп.
«Келесі аптада біз Ауғанстандағы барлық әскери операцияларды аяқтаймыз», - деді Обама.
АҚШ президенті американдықтардың әскери науқанының арқасында ауғандықтарда «өз елін қалпына келтіру мүмкіндігі туды» деген сенім білдірді. Сондай-ақ ол «Ауғанстан бұдан былай террорлық шабуыл көзі болмайды» деп есептейді.
Сонымен қатар Обама алда «әлемнің әр түкпірінде күрделі миссиялар бар, оның ішінде Иракта да» деп мойындады. Онда АҚШ «Ислам мемлекеті» атты террорлық ұйыммен күресуде.
Еске салсақ, бұрындары, 4 желтоқсанда, АҚШ қарулы күштерінің Көлік командованиясының (ТРАНСКОМ) басшысы ӘӘК генералы Пол Селва Ауғанстаннан американдық негізгі әскери бөлімшелерінің жоспарланған әкетілуі іс жүзінде аяқталды деп мәлім еткенді. Оның айтуынша, американдық әскери қызметкерлердің елдегі санын қысқарту бір жыл бұрын бекітілген жоспарға сай жүріп жатыр.
«Біз әкетуді шын мәнісінде аяқтадық», - деп қадап айтты ТРАНСКОМ басшысы.
Ол Ауғанстандағы АҚШ әскерилерінің контингентінің саны «9,8 мың адамға жақындайды, оған қоса НАТО бойынша серіктестер, плюс...» Солтүстік атлантикалық альянсқа кірмейтін «коалициядағы басқа серіктестер», «сондай-ақ мердігерлердің қолдауы» бар деп атап кетті.
Бірақ 6 желтоқсанда-ақ Пентагон басшысы Чак Хейгел Ауғанстан президенті Ахмад Гани Ахмадзаймен Кабулдағы бірлескен баспасөз мәслихатында АҚШ өзінің негізгі әскери бөлімшелерін Ауғанстаннан әкету қарқынын бәсеңсітуге мәжбүр деп мәлім етті.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45