АҚШ долларының ресми бағамы Ресейде 51 рубльден асып жығылды

Күні: 11:00, 02-12-2014.

Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Ресей Орталық банкінің 2 желтоқсанда белгілеген АҚШ долларының ресми бағамы 51,8068 рубльді құрады.
Ведомство сайтында атап көрсетілгендей, өткен күнмен салыстырғанда АҚШ долларының бағамы 2,4848 рубльге өскен.
2 желтоқсандағы еуро бағамы 64,4425 рубль (+3,0317) шамасында белгіленсе, бивалюталық себет – 57,4929 рубль.
ҚР Ұлттық банкінің 2 желтоқсанда белгілеген валюталардың ресми бағамына сәйкес, 1 ресейлік рубль Т3,66-ға тең. АҚШ долларының бағамы Т180,87-ге тең, еуро – Т225,02.


Жаңалықтармен бөлісу: