Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – 4 тамызда Джордж Вашингтон атындағы университетінде Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен және Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550-жылдығына орай «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» атты екі бөлімді деректі фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Ведоство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, фильмнің бірінші бөлімі түркі тілдерінің басым бөлігінің негізін қалаған қыпшақ тілінің даму тарихына арналады. Осыдан 700 жыл бұрын Алтай мен Дунай өңірлерін мекен еткен халықтар, тіпті Сұлтан Бейбарыс басшылық еткен Мысыр елінің халқы да қыпшақ тілінде сөйлейтін.
Фильмнің екінші бөлімі «Codex Cumanicus» атты бірден-бір сирек кездесетін туындысына арналады (шығарма атауы қазақ тілінде «Қыпшақтар кітабі» деген мағынаны білдіреді). Оны Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ақыны Франческо Петрарка Венециандық кітапханаға 1362 жылы сыйға тартып, қазіргі күні туынды Венециядағы Марчиана кітапханасында сақталуда. «Кодекс Куманикус» – XIV ғасырдың басындағы кұман (ескі қыпшақ) тілінің белгілі дереккөзі. Оның тіл мамандары және тарихшылар үшін құндылығы зор.
Іс-шара әлеуметтік, мәдени және академиялық топтарының 100-ден астам өкілдерінің басын қосып, америкалық аудитория тарапынан зор қызығушылық тудырды.
Смитсон институтының Азия мәдениеті және тарихы бағдарламасының директоры Пол Тейлор: «Мен осы жобаның дамуын мұқият бақылап жүрмін. Оның нәтижелері маған зор әсерін тигізді. Қазақстандық достарымды Қазақ хандығының 550-жылдығымен құттықтаймын. Тарихи қолжазбаларды зерттеуге құмарым бар, бұл іс Смитсон мұражайларындағы қызметіме жақын», – деп айтты.
Дж. Вашингтон университетінің профессорі Марлен Лаурель «фильмнің сапасы мен онда баяндалған Қазақстанның тарихы мені таң қалдырды. Зор тарихи деректерді жинақтаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда деп атап өткім келеді», – деді.
Америқалық продюсер, GPC компаниясының өкілі Реймонд Чавез «Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмдер тек қазақ халқы үшін ғана емес, дүниежүзі деңгейінде зор маңызға ие. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасының жақындасуында, Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруында рөлі ерекше», – деп атап өтті.
Сценарийдің авторы және жоба режиссері қазақ деректі фильмдерінің шебері, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков, ал продюсер ретінде Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Хазбулатов болды.
Фильм көрсетілімінің алдында А. Хазбулатов сөз сөйлеп, оның шығарылу тарихы мен жалпы жобаның мақсаты туралы баяндап берді. Жоба шеңберінде қазақ мемлекеттілігінің ежелгі ғасырлардан қазіргі заманға дейінгі даму тарихын баяндайтын он кинолентаның көрсетілімі жоспарланған. Жоба тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабына негізделген.
Тұсаукесері Вашигтонда өткен «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» атты жобаның алғаш фильмінің келесі көрсетілімі Нью-Йорк қаласында ү.ж. 10 тамызда жоспарланған.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45