Ақтөбе. 25 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында тұрғын үйлер мен аулаларды су басуы себепті ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығынан.
«Шұғыл түрде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізіліп, соның нәтижесінде Мұғалжар ауданында ТЖ режимі жарияланды және Мұғалжар ауданында күш пен қаражатты басқару мақсатымен оперативтік штаб құрылды», - деп хабарлады ақпараттық орталықтан дүйсенбі күні.
ТЖ комитетінің мәліметтерінше, молынан жауған нөсер салдарынан 23 шілде мен 25 шілде аралығында Мұғалжар ауданындағы Қандағаш қаласындағы аулаларын су басқан (су дегейі 5-10 см) 10 үйдің ішіндегі 7 жеке үйдің аулаларынан және 47 аула аумақтарынан су сорылды (кей жерлердегі су деңгейі 10-20 см).
«Ақтөбе облыстының бірлескен күштерімен және Мұғалжар ауданының жергілікті атқару органдары күштерімен №3 мектеп-гимназияның, «Самал» балабақшасы, аудандық тубдиспансерінің және Мұғалжар ауданының МББ жер төлелерінен су сорылды», - деп хабарлады ТЖК.
Дүйсенбі күні таңертең Сейфулин көшесіндегі су ағызу жүйесі қалпына келтірілді, қозғалыс қалыпты. Енді Интернациональная көшесіндегі су ағызу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Су басқан жерлерде ТЖД-нің 29 қызметкері мен бірнеше арнайы техникалар жұмылдырылған. 9980 текше метр су сорылып тасталды. Жұмыстар жалғасуда.
Бұл ретте Айтеке би ауданында Комсомол кентінде тұрғын үйді су басып қалды. Өртке қарсы күрес күштерімен ондағы су сорылып тасталды.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласында да жеке үйлердің аулаларынан су сору жұмыстары жалғасуда, мұнда аулаларын су басқаны туралы Бірыңғай кезекшілік-диспечерлік пультке 27 қоңырау келіп түсті.
«Қазірге қаладағы жолдардың көбін су басқан, оларды тазарту әлі тоқтамаған жауын салдарынан қиындап тұр», - деп хабарлады ақпараттық орталықтан.
Жауын молынан жаууы себепті Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласының аумағында 47 ауланы су басып қалды. Одан басқа жер астының көтерілуінен №3 мектеп-гимназияның, «Самал» балабақшасы жер төлелерін су басып кетті.
Сондай-ақ Интернацияональная және Сейфуллин көшелеріндегі су ағызар құрылғылар істен шығып қалды.
Қатысты сілтемелер
-
Қызылорданың автожолдарын күрделі жөндеуге Т3,7 млрд астам жұмсамақ
10 Қыркүйек 2024, 10:40 -
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
10 Қыркүйек 2024, 08:53 -
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55