Ақтөбеде антитеррорлық операция барысында тағы 5 қылмыскердің көзі жойылып, 2 қылмыскер ұсталды – ІІМ

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Ақтөбеде антитеррорлық операция барысында тағы 5 қылмыскердің көзі жойылып, 2 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«Іздестіру шараларын жүргізу барысында «Паллада» дүкенінің маңында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен тағы 5 адамды ұстады, олар полицияның Заводской бөлімшесіне жеткізілді. Түнгі оперативтік-іздестіру мен ұстау шаралары барысында қарсылық көрсеткен 5 қылмыскерді полиция қызметкерлері көзін жойып, және 2 қылмыскер қолға түсті», - делінген дүйсенбі күнгі ІІМ таратқан хабарда.
Одан басқа, қылмыскерлерден ұрланған қарудың көбі алынды. Қарақшылық шабуыл жасағандардың кім екендері анықталды. Оларды іздеп тауып, ұстау шаралары жүргізілуде.
«Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимі енгізілген. Еліміздің ішкі істер органдарының барлық күштері күшейтілген қызметке көшірілді», - делінген хабарда.
Бұл ретте Ақтөбедегі жағдай тұрақты, кәсіпорындар мен қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс атқаруда екені айтылады.
ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, «Паллада» қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуыл барысында дабылдық сигнал түймешесін басып үлгерген сатушы көптеп алған пышақ жарақатынан сол жерде қаза болды. Шақыруға келген «Жедел күзет» ЖШС мекемесінің қызметкерлерінің алғашқысы сол жерде атып өлтірілді, ал екіншісі – оқтан жарақат алды.
Бұл дүкеннен қылмыскерлер 17 дана мылтық (3 иір ойықты және 14 тегіс стволды аңшының мылтығы) 3 газ тапаншасы, патрондар мен пышақтар ұрланды. Дүкенде түгендеу жұмыстары жүргізілуде, ұрланған қарулар саны анықталуда.
«Паллада» дүкеніне шабулдан соң, қылмыскерлер екі топқа бөлінеді.
6 адамнан тұратын бір топ ұұрланған автокөлікпен «Пантера» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасайды. Онда олар сол дүкенге келген екі адамның біреуіне пышақ салып өлтіреді, екіншісін жарақаттайды.
«Пантера» дүкеніне келген полицейлер атыс барысында 3 қылмыскерді атып өлтіреді, 1 жараланады, екі қылмыскер қашып үлгереді.
Олар кейін қаланың сыртында табылып, көздері жойылады.
Қылмыскерлердің екінші тобы маршруттық автобусты басып алып, жолаушыларды шығарып жібереді. Қылмыскерлер басып алған автобуспен 6655 әскери бөлімшесінің қақпасын бұзып кіріп, әскери нарядпен және сонда келген полиция қызметкерлерімен атыса бастайды. Белсенді қарсылыққа тап болған қылмыскерлердің бір тобы қамалып қалып, екіншісі әскери бөлімше аумағын тастап қашуға мәжбүр болды, деді  А.Садубаев. Атыс барысында қылмыскерлердің біреуінің көзі жойылып, біреуі жарақат алды. Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлерінен 3 жауынгер қаза болып, 6 жауынгер жараланды.

adimage