Ақтөбе. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтөбеде Есет-батыр атындағы мектеп-интернат базасында арнайы колледж ашылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Жаңа оқу жылынан бастап дарынды балалар спортпен кәсіби түрде айналыса алады.
«Спорт саласындағы білім ордасына спорттық дайындығы бар 11 класс түлектері қабылданады. Бұл жерде «жаттықтырушы», «спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы» мамандықтары бойынша дайындайды. Спорт түрлері: бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо. Оқу мерзімі 2 жыл және 10 ай», - деді Ақтөбе облысының әкімі Ербол Нұрғалиев.
«Колледж өңірде спортты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды барынша жақсартуға мүмкіндік береді. Үлкен үміт күттіретін мектеп түлектері, спортшылар колледжде өз білімдерін жалғастырып, оқытушы-жатықтырушы мамандығын игере алады», - деді Е.Нұрғалиев оқу орнының ашылу салтанатында.
Ол сондай-ақ, облыста 8 мектеп пен 3 колледждің ашылғанын атап өтті.
Жаңа колледждің аумағында спорт кешенінің, стадионның, құрылысы жүргізіліп жатыр және жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18