Ақтөбеде қаза болған келісім-шартпен әскери қызмете жүрген Батыс Қазақстандық жауынгердің отбасына Т5 млн төлейді

Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ – Ақтөбеде қаза болған келісім-шартпен әскери қызмете жүрген Батыс Қазақстандық жауынгер Берік Қалиевтің отбасына Т5 млн төлейді, деп мәлім етті Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгинов.
«Қаза болған келісім-шарттық жауынгер Райымбек ауданының тұрғыны болатын. Қазірге біз барлық көмек көрсетіп жатырмыз... Материалдық көмек көрсетіледі. Заң бойынша соңғы лауазымында алған жалақымен есептегенде 5 жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы төленуі керек. Ол шамамен Т5 млн болады. Оның үстіне облыстық әкімшілік те материалдық көмек көрсетеді, сондай-ақ біз балаларына да көмек көрсетеміз, себебі қаза болғанның 4 баласы мен жесірі қалды», - деді А. Күлгинов сәрсенбі күнгі брифингте.
Бұл ретте ол қаза болғанның туыстарына да жерлеуде көмек көрсетіледі деді.
«Мен қазір ғана қаза болғанның туыстарымен кездестім, борт Ақтөбеден бізге келіп қонды. Біз қазір ұйымдастыру сипатындағы барлық мәселелерді шештік, Райымбек ауданында да, біздің облысымыздың аумағында да, жеткізілетін болды. Автомобиль, көлік – барлық мәселелер қазір шешілді», - деді А: Күлгинов.
Еске салсақ, 5 маусымда Ақтөбеде 26 адам қару-жарақ сататын «Паллада» және «Пантера» дүкендеріне шабуыл жасап, қаруларды алып кетіп, күзетші мен дүкендердің екі қызметкерін өлтіріп кетті. Одан кейін аталған тұлғалар №6655 әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуыл барысында сатушы Андрей Максименко қаза болды.
Және де осы дүкеннің маңында өтіп бара жатқан 69 жасар Николай Онищенко ауыр жараланып, кейін ЖМЖА-да қаза болды.
«Сондай-ақ «Паллада» дүкенінің маңында жекеменшік «Күзет» қызметінің қызметкері Мерхан Тәжібаев қаза болды. Одан басқа, радикалдардың шабуылы кезінде «Пантера» қару-жарақ дүкеніне келген Михаил Матросов деген азамат та қаза болды.
Сондай-ақ, үш полицей оқтан жараланды, кейін түнде ұстау кезінде бірқатар қызметкерлер жеңіл жарақат алды. Үш әскери қызметкер қаза болды: офицер, келісім-шарттық жауынгер мен мерзімдік әскери қызметтегі жауынгер.
Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, 13 қылмыскердің көзі жойылып, 8 ұсталды және 6 адам іздеуде жүр.
Ақтөбе облысында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Ал жалпы республика бойынша 40 тәулікке террорлық қауіптің «сары» режимі енгізілді.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі жағдайды жеке бақылауына алды.

adimage