Қаңтар-шілдеде ПӘ мен ПІБ, премьер мен Елбасы кеңсесі Т81 млрд астам жұмсады

Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қаңтар-шілдеде президент әкімшілігі (ПӘ) мен президент істері басқармасы (ПІБ), премьер-министр мен Қазақстан тұңғыш президенті - Елбасының кеңсесі Т81 млрд астам жұмсады, деп хабарлады қаржы министрлігінен.
«ҚР ПӘ шығындары 2020 жылдың қаңтар-шілдесінде Т4,08 млрд, ҚР премьер-министрінің кеңсесі – Т2,25 млрд, ҚР тұңғыш президенті - Елбасының кеңсесі – Т1,07 млрд, ҚР жоғары сот кеңесінің аппараты – Т138 млн, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық – Т99 млн», - делінген қаржыминінің «2020 жылғы 1 тамызындағы Статистикалық бюллетень» есебінде.
Ақпарға сәйкес, ҚР президент істері басқармасының шығындары қаңтар-шілдеде Т73,7 млрд. құраған.
Жоғары сот шығындары - Т30 млрд, бас прокуратура – Т20 млрд, мемлекеттік күзет қызметі – Т12 млрд, Орталық сайлау комиссиясы – Т1 млрд, Конституциялық кеңес аппаратының шығыны Т236 млн. құрады.
Көрсетілген кезеңдегі еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің шығындары - Т1,308 трлн, денсаулық сақтау минситрлігінікі – Т879 млрд, қаржы министрлігінікі – Т693 млрд, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінікі – Т477 млрд, білім және ғылым министрлігі – Т232 млрд, ішкі істер министрлігі – Т210 млрд, қорғаныс министрлігі – Т172 млрд, ауыл шаруашылық министрлігі – Т134 млрд, ұлттық экономика министрлігі – Т102 млрд, сыртқы істер министрлігі – Т57 млрд, мәдениет және спорт министрлігі – Т52 млрд, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – Т48 млрд, сауда және интеграция министрлігі – Т39 млрд, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – Т30 млрд, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – Т29 млрд, энергетика министрлігі – Т3 млрд.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік шығындары - Т10 млрд, мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – Т3 млрд.

adimage