Абаев БАҚ сынынан кейін шу туғызған бұйрықты қайта редакциялауға дайын

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Орынның жетіспеушілігі мен журналистің шарттық қарым-қатынасы туралы құжатты ұсынуға қатысты бұйрық бөліктерін қайта қарауға болады, деп мәлімдеді ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«Орын жетіспеушілігіне қатысты. Оған қатысты бөлікті қайта қарауға болады. Ол бөлікті де (жұмыс берушімен шарттық қарым-қатынаста тұрғанын растайтын құжатты ұсыну- ҚазТАГ) біз қайта өзгертеміз. Себебі шынымен де бұл баспасөз қызметі мен редакцияның жауапкершілігі болуы керек», - деді сейсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д. Абаев.
Бұл ретте ол атап өткендей, оған «Журналистерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығындағы түзетулер туралы журналистердің пікірі маңызды екенін атап өтті.
«Маған сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Қазір сіздерде сондай эмоционалды фон қалыптасып отыр, түсінемін. Оның барлығы онлайн аясында жасалып жатыр. Сіздер барлығыңыз оны көрдіңіздер, себебі біз бұл бұйрықты талқылау үшін жарияладық. Сіздер өздеріңізде талқылайсыздар. Дәлелдер келтіріп, бізге жауап беріңіздер. Мен сенімдімін, осында түрғандарыңыздың жартысы сол бұйрықты тіпті оқыған жоқ, ренжімеңіздер», - деді Д. Абаев.
Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.
АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.
14 ақпанда Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ қызметкерлерін аккредиттеудің қолданыстағы қағидасын күшейтуге бағытталған бастамасына түсінік берген Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистердің өз мамандықтары үшін күресе білулері керегін айтты.
«Қазір билікпен өзара қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Заң жобалары талқыланғанда – өз пікірін білдіріп, парламент және үкімет депутатттарымен жұмыс жасауға. Сіздер өз мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек. Осыны жақсы үйреніңіздер. Сіздер тек бірдеме болып қалған жағдайда ғана еске аласыздар», - деді бейсенбіде сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д.Назарбаева.
Бұл ретте ол АКМ бұйырығының жобасымен таныспағанын атап өтті.
Сол күні алматылық журналистердің ақпарат және коммуникация министрлігінің (АКМ) іс-шараларға аккредиттеудің жаңа ережелері туралы бұйрық жобасына қарсы митинг өткізу туралы қалалық әкімдікке өтініш жолдағаны хабарланды.
13 ақпан күні жоба қоғамдық талқылауға шыққан сәттен бастап журналистер АКМ жоспарын сынға алатын теріс пікірлер қалдыруда.

adimage