Алматы. 25 қараша. КазТАГ - «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы және «Radiotochka.kz» интернет-порталының бас директоры Бигелді Ғабдуллиннің ісін тергеумен Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісімен айналысқан тергеу тобы айналысып жатыр, деп хабарлады Deutsche Welle.
«Біздің газетте бар ақпарға сәйкес оның ісін Матаевтың ісімен айналысқан тергеу тобы жүргізіп жатыр», - деп келтірген DW «Новая газета – Казахстан» бас редакторы Александр Краснердің сөзін.
Өз кезегінде Б.Ғабдуллин мен С.Матаевтың істерін тергеу әдістері арасындағы ұқсастықты «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева да атап өтті.
«Матаев пен Ғабдулиннің істерімен бір орган айналысуда, екі жағдайда да тергеу тәсілдері өте ұқсас. Ғабдуллин де, Матаев секілді, - өте белді қоғам қайраткері және белгілі журналист. Ғабдуллиннің 2013 жылы жеңіп алған мемтапсырыс бойынша тендеріне тергеу қойып отырған шағымдары Матаевқа тағылған айыпты еске түсіреді. Оның да мемтапсырыстары, 2010 жылдан бастап, заңды бұза отырып алынған және орындалған деп отыр», - деді ол.
Сонымен қатар, Т.Калеева жіберіліп отырған процессуалдық бұзушылықтарға прокуратураның реакциясы да ұқсас екенін атап өтті
«Тінту жүргізу әдістері де ұқсас. Біздің баспасөз мәслихатымызда Ғабдуллинннің ісі бойынша тінтуге қатысқан адвокат көптеген процессуалдық бұзушылықтардың орын алғанын айтты. Құжаттарда басқа адамдар көрсетілген, ал тінту жасауға мүлде басқалары келді, және т.с.с. Алайда адвокаттардың шағымдарына прокуратура онда тұрған ешқандай заңсыздық жоқ деді», - деді Т.Калеева.
Бұл ретте, оның пікірінше, екі қылмыстық істе де қамауға алғаннан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшылығының мақсаты - қылмыскер бейнесін жасау.
«Оның айтуынша, Ғабдулиннің ісі бойынша Ұлттық бюро басшысы Қайрат Қожамжаров өз ойын білдіріп, алаяқтық схемасы туралы, кейбір сыни материалдар туралы (олардың ешқайсысы да, айтпақшы, теріске шығарылған жоқ), солардың көмегімен бопсалау жүзеге асырылған-мыс (мемтапсырыс туралы келісім шарт жасауға мәжбүрлеу - DW ) деп айта бастады. «Міндет, Матаевты қамауға алғандағыдай – бірден қылмыскер бейнесін жасау», - деп келтіреді DW Т.Калееваның сөзін.
Бұған дейін хабарланғандай, 16 қарашада Астананың №2 Алматы ауданы сотының санкциясымен «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» басылымдарының бас редакторы және қазақ ПЕН-клубының басшысы Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды. Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, ол өзінің медиаресурстарын қолдана отырып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын бопсалаған деп күдіктелуде. 14 қарашада ол ұсталған болатын.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36