Ғаламторға орналастырылған ИМ бейнеролигіндегі ер адамдар қазақстандықтар емес – ҰҚК

Күні: 13:56, 15-01-2015.

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Ирак пен Шамның Ислам мемлекеті (ИШИМ) террорлық ұйымының бейнеролигінде көрсетілген тұлғалар қазақстандықтар емес, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«Ғаламтор желісіне Қазақстаннан шыққан арнайы қызмет агенттері болып табылатын-мыс 2 ер адамның өлім жазасына кесілген жазбасы бар бейнеролик фактісі бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары қажетті тексеріс іс-шараларын жүргізді. Роликте көрсетілген тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтыны дәйекті түрді белгілі болды», - делінген ҰҚК бейсенбідегі хабарында.
Одан өзге, ҰҚК баспасөз қызметі, ҚР ҚК 274 бабына сәйкес,  қоғамдық тәртіптің бұзылу немесе заңмен қорғалатын азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе мемлекеттің мүдделеріне айтарлықтай залал келтіру қаупін туғызатын көпе-көрінеу жалған ақпарат таратудың 1 мың АЕК дейінгі мөлшердегі айыппұлмен, немесе сол мөлшердегі түзету жұмыстарымен, немесе 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелумен, немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айрылумен жазалатынын еске салды.
«Отандық БАҚ-тарға бейресми шетелдік дереккөздерден келіп түсетін материалдар мен комментарий сілтемелерін қайта басуға жауапты қарауды өтіне кеңес етеміз», - делінген ҰҚК хабарында.
БАҚта хабарланғандай, Ирак пен Шамның Ислам мемлекеті (ИШИМ) террорлық ұйымының Қазақстаннан келген баланың екі «ресейлік тыңшыны» атып жатқан бейнеролигі ғаламторға орналастырылған, олардың кем дегенде біреуі ҚР тумасы болып табылады.
Сөйтіп, видеода 38 жасар жамбылдық Жанболат Мамаев пен 30 жасар Сергей Әшімовты содырлардың лагерінде жаттығып жүрген ИШИМ роликтерінің бірінде осыған дейін көрініп үлгерген 10 жастағы ұзын шашты баланың атып жатқаны көрсетілген. Өткен жылдың қарашасында жарияланған видеода Қазақстаннан келген бала өзін Абдулла деп таныстырған.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев «ИМ»-да жүрген қазақстандықтардың санын жария етті – олар 300-ден асады, оның үстіне олар «Қазақ жамағатын» құрып алса керек. Әрі сол үш жүздің тең жартысы – әйелдер.
1 АЕК = Т1982


Жаңалықтармен бөлісу: