Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ - 19-21 сәуір аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында жылыну байқалады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуі мүмкін. 21 сәуірге қарай, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады», - делінген таратылған хабарда.
Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде. Төмендеуіне қарамастан, алдағы үш күнде батыс аймақтарда температура орта көпжылдық мәнге жуық болады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46