Астана. 29 маусым. ҚазТАГ – 30 маусымнан бастап 2 шілдеге дейін Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынды және салқын ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Шілде - жаз мезгілінің ең ыстық айы да келіп жетті. Алайда ол Қазақстанның барлық дерлік аумағы бойынша, қоңырсалқын, жауын-шашынды ауа-райымен басталғалы отыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Осындай ауа-райы алдымыздағы үш тәулікте, Батыс Сібірдің оңтүстігі мен Қазақстанның солтүстігі үстінде орналасқан белсенді және терең циклонмен байланысты болады.
«Алайда, оңтүстік пен батыс облыстарда да температура осы кезеңге тән көпжылдық белгіден төмен және кей жерлерінде орташа деңгейде болуы күтіледі», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36