Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ - 15-17 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын және үскірік жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Еліміздің шығыс аймақтарындағы циклон мен атмосфералық ағынның екі жүйесі байланысып тұр. Аталған ағындар Қазақстан аумағымен өткенде бірқатар өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атпа өтілгендей, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерде алдағы тәуліктерде жауын-шашын күтіледі.
«Атмосфералық ағындардың артынан Ресейдің Еуропа бөлігіндегі солтүстік-батыс аудандардан ауқымды антициклон келмек. Соның әсерінен ел аумағында аязды күндер сақталады», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46