Астана. 18 шілде. ҚазТАГ - Қазақстанның кейбір өңірлерінде шілде айының 19-ы мен 21-і аралығында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның көптеген облыстары Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аймақтарынан таралған антициклонының тармақтарының әсерінде болады. Сондықтан ауа температурасы да орташа көпжылдық және одан шамалы жоғары мәнге жақын сақталады. Жоғары атмосфералық қысым фонында жеке аймақтарда температураның төмендеуінсіз тек найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін. Ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарына Иран аймағынан ыстық ауа келуін жалғастырады. Мұнда ыстық максималды ауа температурасы +38...+42, шөлді аймақтарда +45 градусқа дейін күтіледі», - делінген 2018 жылғы 19-21 шілде аралығына арналған ауа-райы болжамында.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46