Алдағы 3 күнде Қазақстанның солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады

Күні: 12:37, 11-07-2018.

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ - Қазақстанның солтүстігінде 12-14 шілде аралығында күн күркіреп, өткінші жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның солтүстік жартысында басымырақ найзағайлы өткінші жаңбыр тудыратын, атмосфералық фронттар Батыс Сібір арқылы жылжыйтын циклонмен байланысты. Сондай-ақ республиканың оңтүстік жартысының кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ мұнда кей жерлерде бұрыңғысынша максималды ауа температурасы плюс 40…43°С жететін болады», - делінген синоптиктердің таратқан хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: