Астана. 2 шілде. ҚазТАГ - Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарында шілденің 3-і мен 5-і аралығында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Қазақстанның батыс облыстарындағы ыстық аномальді ауа-райымен байланысты антициклон, алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысқан циклонның әсерінен шығысқа жылжый бастап құлдырайды. 4-5 шілде аралығында мұнда кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр, күшті екпінді желмен және ыстықтың әлсіреуі күтіледі. Антициклонның шығысқа жылжуына қарай, республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райы күтіледі. Бұл аймақтардағы күндізгі температура плюс 30…35°С дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С дейін, әдеттегі нормадан 4…7°С жоғары. Жоғарғы қысымдық шұңқырдың және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әліде найзағайлы жаңбыр сақталады, таулы және тау бөктері аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін», - дейді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46