Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ - Синоптиктер 22-24 мамыр аралығында Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы ауа райы жаңбырлы болады деп болжауда, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, Қазақстанның ауа-райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал ететін болады, сондықтан аумақтың көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, бірақ солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында аздаған жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр болжанады.
Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батыс жартысында - нормадан 4-6 градус жоғары боп сақталады.
Атырау облысында 21-22 мамыр кезеңінде 37 градус ыстық болатындықтан дауылдық ескерту жарияланды.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46