Алдағы 3 күнде синоптиктер Қазақстанда найзағайлатқан өтпелі жауын мен жел күшейеді деп болжап отыр

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Қазанда маусымның 5-сі мен 7-і аралығында синоптиктер Қазақстанда найзағайлатқан өтпелі жауын мен жел күшейеді деп болжап отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кольск түбегінің циклонымен байланысты туындаған, атмосфералық фронттар, Қазақстан бағытында жылжып келеді. Олардың ықпалынан  республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде қарқынды жел күшейіп соғады.  Ауа жылынады, температура климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде. Максимальді күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында +25+33 градусқа, оңтүстік жартысында +30+35, ал қиыр оңтүстікте 40 градусқа дейін жететін болады», - деп хабарлайды синоптиктер.  
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жарияланған. 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.

Петропавл қ: 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

adimage