Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жылымық қар күтіледі

Күні: 16:36, 31-03-2017.

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жылымық қар күтіледі, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Еліміздің ауа-райын алдағы демалыс күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, сонымен байланысты көптеген облыстарда жауын-шашын, сулы қар, оңтүстік облыстарда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі уақыттарда сулы қарға айналуы және температураның төмендеуі мүмкін», - делінген жұмадағы хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, антициклонның ықпалымен сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ ауа температурасы түнде  8-18ºаязға дейін төмендейді, климаттық нормадан  3-6ºС төмен болады деп күтілуде.
Сонымен, 1 сәуірде құбылмалы бұлтты, Түнде және ертеңгісін қар, тұман, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ауа температурасы күндіз -2-4. Жексенбіде елордамызда жауын-шашын болмайды, алайда батыстан шыққан жел сақталады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. күндіз -2 градус.  
Алматыда сенбіде түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр, 2-7 м/с жел,  +14. Жексенбіде кейде жаңбыр, 2-7 м/с жел тұрады, ауа температурасы +10+12.    


Жаңалықтармен бөлісу: