Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытады

Күні: 14:12, 07-12-2016.

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – 8-10 желтоқсанда Қазақстанда ауа температурасы салқындайды, және ол орташа климаттық нормадан 3-8ºС төмен болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде ауа температурасы салқындайды деп күтілуде. Егер өткен күндері республикадағы ауа темпертурасы климаттық нормадан 3-8ºС, кей жерлерінде 13ºС жоғары болса, енді алдағы үш күнде ол салқындап, климаттық нормадан 3-8ºС төмен болады», - делінген сәрсенбі күнгі таратылған хабарда.
Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстан аумағы арқылы бірінен соң бірі, атмосфералық тұтас ағым ауасы ығысып өтіп жатыр.
«Сондықтан аздаған үзіліспен қар жауып, бұрқасындатып, күшті жел тұрып, тұмандатып, көктайғақтанған, күрделі ауа райы сақталады», - делінген мәтінде.


Жаңалықтармен бөлісу: