Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытады деп күтілуде

Күні: 18:24, 12-05-2016.

Алматы. 12 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа температурасы күрт төмендейді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 мамырда күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын күтілуде, 15 мамырда жауын-шашын, (жауын, қар аралас жауын), 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күрт төмендейді, күндіз +7+12, кей жерлерінде +15+20 градус болады. 15 мамырда түнде кей жерлерінде -3 градустық қатқақ, 16-18 мамырда көптеген аумақтарда -1-6 градустық қатқақ болады», - делінген бейсенбі күнгі хөабарда.
Сондай-ақ жауын жауады деп күтілуі себепті Ақмола облысында 15 мамырда дауылдық ескерту жарияланды. Синоптиктер 16 мамырда жауын, қар аралас жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күрт төмендейді, күндіз +7+12, кей жерлерінде +15 градус болады. Түнде 16-18 мамырда -1-6 градустық қатқақ болады.
«15 мамырда күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күрт төмендеп, +10+15, кей жерлерінде +18 градус болады. 16 мамырда кей жерлерде -3 градустық қатқақ, жауын-шашын, қар аралас жауын, 17-18 мамырда басым аумағында -1-6 градустық қатқақ болады.  
Қарағанды облысында 15 мамырда күндіз жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күрт төмендейді, күндіз +12+17, кей жерлерінде +22 градус болады. 16 мамырда түнде кей жерлерінде -3 градустық қатқақ болып, 17-19 мамырда басым аумағында -1-6 градустық қатқақ болады.  
Сондай-ақ 16 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күрт төмендейді, күндіз +12+17, кей жерлерінде +8 градус болады. 17 мамырда түнде кей жерлерінде -3 градустық қатқақ болады, 18-20 мамырда басым аумағында -1-6 градустық үсік жүреді.  


Жаңалықтармен бөлісу: