Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Күні: 16:23, 10-05-2017.

Астана. 10 мамыр. ҚазТАГ – 11-13 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Тұрақсыз ауа-райы кейбір жерлерде  жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел мен кей жерлерде бұршақ Қазақстанның аумағының көптеген бөлігінде сақталады. (...) кейін салқындау болмайды», - делінген сәрсенбідегі синоптиктердің болжамында.
Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жаңбыр тек жақын тәуліктерде болып, температураның жоғарлауы күтілуде. 12-13 мамырда  күндізгі  температура  +27+35°C дейін жоғарылайды, әрине бұл осы кезеңдегі климаттық нормадан жоғары.
Астана қ: 11-12 мамырда жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батыстан соғып, солтүстікке ығысады, күші 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с юболады,   Ауаның  температурасы күндіз   +27+29°С, сенбіде жаңбыр, күндіз +22+24°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өтпелі жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің күші 0-5, найзағай кезінде желдің екпіні 8 м/с боладыі. Ауаның температурасы +27 градусқа дейін жылынады. 12-13 мамырда  күн ашық, 5 м/с жел тұрады, күндіз  +29+31°С  болады.                                                                                                                                                                        


Жаңалықтармен бөлісу: