Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар аймақтарында үсік болады

Күні: 14:20, 27-09-2017.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде үсік болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«28-ші қыркүйекте, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысында таулы аймақта жауын-шашын жауады (қар аралас жаңбыр жауады). Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м / с жетеді. 29-30 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысында және Қызылорда облысында ауа температурасы нөлден минус 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген синоптиктердің хабарында.
Сонымен қатар, 29-30 қыркүйекте Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады (арта қарға айналған жаңбыр жауады), солтүстік-батыстан 15-20 м/с, оңтүстік-шығыстан желдің күші 23-28 м/с-қа жетеді. 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні температура 1-6 аязға дейін төмендейді.


Жаңалықтармен бөлісу: