Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынды ауа райы сақталады

Күні: 12:49, 04-05-2016.

Aстана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда 5-7 мамырда Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында күн күркіреп, жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде циклон және сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым өтуімен Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында күн күркіреп, жауын-шашынды ауа райы сақталады. 7 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында күшті жауын жаууы мүмкін», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Республиканың қалған аумағы атмосфералық жоғары қысым ықпалында болуы себепті онда жауын жауа қалу ықтималдығы тым төмен.
«Бірақ 7 мамырда Қазақстанның солтүстік облыстарына Солтүстік Оралдан атмосфералық тұтас ағым ығысады. Сол себепті сол аймақтардың кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады», - дейді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: