Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – 3-4 наурызда Қазақстанның төрт облысында синоптиктер су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін деп болжайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3-4 наурызда Қызылорда бойынша, 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктер атап өткендей, бұл жауын-шашын салдарынан (қар, жаңбыр) орын алып отыр, кей жерлерде қалың қар, нөсер жауын жауады, ол қардың қарқынды еруіне, мұз қату үдерістерінің әлсіреуіне, өзен арналарының толуына, жазықтық аумақтарда да қар суының қалыптасуына, таулы өзендерден қар суының тасуына алып келеді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46