Алдағы үш күнде Қазақстанға 40 градустық ыстық қайта оралады

Күні: 14:11, 29-07-2015.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанға 40 градустық ыстық қайта оралады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«30 шілде – 1 тамыз аралығында Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде. Ауа температурасы қайтадан +30…37º-қа дейін көтеріледі, батысында, орталығы мен оңтүстігінің кей жерлерінде +38…42º болады», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Бұл ретте салқын атмосфералық ауа ағымы тек жақын күндерге ғана Қазақстанның солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығыс облыстарына салқын ауа мен өткінші жауын әкеледі.


Жаңалықтармен бөлісу: