Алдағы үш күнде Қазақстанда тау өзендерінде жауын-шашын мен еріген қар суының тасуы күтіледі

Күні: 18:51, 07-03-2018.

Астана. 7 наурыз. Қазақстанда алдағы үш күнде таулы өзендердегі жауын-шашын мен еріген қар суының ағымы күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«7-9 наурыз аралығында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтілуде (негізінен жауын, қар аралас жауын), кей жерлерде күшті жауын күтілуде, бұл мұз құбылыстарының әлсіреуіне және өзен арнасынан асып тасуына әкеліп соғады, жазықтарда еріген қар суының тасуын және тау өзендерінде су тасуын тудырады. Жайылымдарға  тасыған су жайылуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Жерді қашықтықтан зондтау суреттеріне сәйкес, 5 наурыздағы жағдай бойынша, Алматы облысында қар жамылғысымен қамту аумағы 28%, Жамбыл облысында 5%, Оңтүстік Қазақстан облысында 3% және Шығыс Қазақстан облысында 89% құрайды.
«8-9 наурыз аралығында Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында күндіз + 3 + 8 градусқа дейін күндізгі ауа температурасының қысқа мерзімді өсуі күтілуде, жауын-шашынның (жауын, қар) салдарынан қар еріп, ылдиларда су тасуына тудыруы мүмкін», - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Жерді қашықтықтан зондтау бейнелеріне сәйкес, 5 наурыздағы жағдай бойынша Қызылорда облысындағы қар жамылғысымен қамту аумағы 47%, Атырау облысында - 59%, Батыс Қазақстан облысында - 98%, Ақтөбеде - 99%, Қостанай мен Қарағанды облыстарында – сәйкесінше - 98% және 93%.


Жаңалықтармен бөлісу: