Алдағы үш күнде Қазақстанның басым аумағындағы ауа райы құбылмалы болады деп болжануда

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанның басым аумағындағы ауа райы құбылмалы болады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидпромет» РМК.
Ығысып келе жатқан атмосфералық ағым Қазақстанда құбылмалы ауа райын сақтайды.  Сондықтан да республиканың көптеген облыстарында күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жауып, екпіндетіп 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы негізінен климаттық нормаға жақын болғанымен кей жерлерде көпжылдық нормадан асып тұрады», - делінген хабарда.
Астанада ертең өткінші жауын жауады, күн  күркірейді, солтүстік-батыстан басталып, солтүстік-шығысқа ығысатын 9-14 м/с жел тұрады, ауа темперпатурасы күндіз  +24+26 градус. Сәрсенбі, бейсенбіде күн ашық, ауат температурасы +32 градус.
Алматыда кейде өткінші жауын жауады, 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы +32 градус.

adimage