Алдағы үш күнде Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын күтілуде

Күні: 12:49, 28-03-2016.

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Наурыздың 29-31 аралығында Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш күнде Қазақстанның басым аумағында циклон ықпалымен жауын-шашын күтілуде, солтүстік облыстарда қар аралас жауын мен көктайғақтанады, республиканың басым аумағында таңғы сағаттарда тұман түсіп, 31 наурызда таулы аймақтарда күшті жауын жаууы мүмкін», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстан ауа райын Жерорта теңізі аумағынан солтүстік-шығыс бағытта ығысып келген белсенді циклон айқындап отыр. Бұл ретте ауа температурасы бүкіл қыс бойындағыдай орташа климаттық нормадан 5-13º жоғары болады.


Жаңалықтармен бөлісу: