Астана. 23 қазан. ҚазТАГ - 24-26 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде боран және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Демалыс күндері ауа-райы жағдайының нашарлауы салдарынан бірнеше аймақта дауылды ескерту жарияланды. Қазақстан аумағына қарлы циклондар жиі ығысып келеді. Республиканың батыс бөлігінде орналасқан циклон солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар әкеліп отыр», - деленген синоптиктердің дүйсенбідегі ауа райы болжамында.
Сондай-ақ, болжам бойынша, алдағы үш күнде, жауын-шашын аяғы қарға айналады. Циклон және ілеспе суық атмосфералық ағымдар республиканың солтүстік-шығысына ығысуымен солтүстік, орталық, содан кейін шығыс облыстарында қар жауып, кейде боран соғып, батыстан екпіндетіп 23-28 м/с дейін жел тұрады.
25 қазанда Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр түрінде жауын-шашынды болады деп күтілуде. Таулы аудандарда қар және жаңбыр жауады. Елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді және климаттық нормадан 3-5ºС төмен, оңтүстік облыстарда кормадан төмен болады.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында 24 қазанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Өскемен қаласында 24 қазанда желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.
«24 қазанда Қостанай облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақтанады, тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с болады», - дейді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46