Астана. 27 қараша. ҚазТАГ - 28-30 қараша аралығында Қазақстанның басым облыстарында күн салқындап, қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қараша айының соңына дейін Қазақстанда климаттық нормадан +5+10 градус жоғары жылы ауа райы сақталды. Солтүстік және шығыс облыстардағы жексенбі күнгі салқын ауа райы қыстың жақын екенін сездірді. Алдағы үш тәулікте жоғары циклонның әсерінен республиканың біраз облыстарында қар жауады, оңтүстік облыстарда жылымық қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген дүйсенбіде синоптиктердің болжамында.
Бұл ретте, болжамға сәйкес, ауа температурасы солтүстік қана емес, оңтүстік облыстарда да әдеттегіден 1-3 градус төмен болады.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51