Алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз болады

Күні: 15:03, 17-07-2017.

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – 18-20 шілдеде Қазақстанның тек батысы мен оңтүұстігінде ғана жауын жаумайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа қысымы жоғары болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, ауа температурасы норма маңында және одан жоғары болады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жауын жауады және ол негізінен таулы аймақтарында болады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық  облыстарында кей жерлерінде жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с екпіндетіп жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы +20+27 градус.
Мысалы, болжам бойынша, 18, 19 және 20 шілдеде Астанада ала бұлтты, күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, 9-14 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы +24,+25 және +27 градус.
Алматыда алдағы 3 күнде ала бұлтты, жауын жаумайды, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +30+31 градус.


Жаңалықтармен бөлісу: