Алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, өткінші жауын жауады деп күтілуде

Күні: 16:41, 03-07-2017.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – 4-6 шілдеде Қазақстанның батысында, солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, өткінші жауын жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде атмосфералық ағым ықпалымен Қазақстанның батысында, солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, өткінші жауын жауады деп күтілуде, күн күркіреген кездері желдің екпіні арта түседі, ауа температурасы норма маңында», - делінген дүйсенбі күні «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған болжамда.
Қазақстанның қалған аумағында күн ыстық, ауа температурасы кей жерлерде әдеттегіден 4-8 градус жоғары болып, +38+43 градусқа жетеді.
Астанада алдағы үш күнде ала бұлтты, кейде жауын жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал, 9-14 м/с жел соғады, күндіз +32 градус.
Алматыда алдағы 3 күнде жауын жаумайды, 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы  +37 градус.


Жаңалықтармен бөлісу: