Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанның кейбір жерлерінде 45 градустың ыстық сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш күнде Қазақстанның батысына, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысына бұрынғысынша Иран аумағынан құрғақ әрі ыстық ауа ығысып келе береді. Сондықтан күндіз ауа температурасы +33+39ºС, кей жерлерінде +40+45ºС болады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Елдің солтүстік жартысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал.
Сондай-ақ Қазақстанның орталығы мен шығысында атмосфералық тұтас ағым өтуінен, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауып, ыстық бәсеңси бастайды.
Еске салсақ, Қазақстанның бес облысында ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
13 Қыркүйек 2024, 09:28 -
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02