Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі

Күні: 15:56, 19-07-2017.

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – 20-22 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың оңтүстігінде ауа қысымы артуынан жауынсыз ала бұлтты болып, аздап ауа температурасы төмендеген соң, ыстық басталады. Алдағы екі күннің өзінде мұнда ауа температурасы +30+38 ºС болып, ал 22 шілдеде кей жерлерінде 41ºС-қа дейін көтеріледі», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік жартысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, бұршақ жаууы ықтимал.
«Ауа температурасы норма маңында, бірақ синоптиктер 22 шілдеге қарай кей жерлерде ауа температурасы +30+35ºС болады деп болжауда», - деді синоптиктер.  
Синоптиктердің болжамынша, Астанада 20-21 шілдеде ала бұлтты, күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, бұршақ жаууы ықтимал, 9-14 м/с жел соғып, ауа температурасы +24+26 градус болады. 22 шілдеде астанада оңтүстік батыстан 9-14 м/с жел соғады, +25+27 градус.
Алматыда шілденің 20, 21 және 22-де ала бұлтты, жауынсыз, 0-5 м/с самал соғады, +33ºС градус.


Жаңалықтармен бөлісу: