Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде күшті жауын жауып, батысында күн ыстық болады деп күтілуде

Күні: 13:55, 15-06-2016.

Астана. 15 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 16-18 маусымда кей жерлерінде күшті жауын жауып, ауа температурасы төмендейді, еліміздің батысында ауа температурасы +33+41ºС дейін көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  
«Қазақстан үстіндегі атмосфералық үдерістердің қайта құрылуы жалғасуда. Осы себепті ауа рпайының күшті өзгерістері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жалғасуда, онда оңтүстіктен ығысқан өте ыстық ауа  мен Батыс Сібірден ығысқан салқын және ылғалды ауа тоғысады», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Синоптиктердің мәліметтерінше, ондай «тоғысулар» өте күшті жауын-шашын тудырып, тау бөктерлері мен таулы аймақтарда нөсер жаудырады, бұршақ жауып, ауа температурасы салқындайды.  
«Республиканың батыстан өзге қалған аумағында салқын атмосфералық ағым ықпалымен кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауып, аздап ауа температурасы төмендейді», - делінген мәтінде.
Қазақстанның батыс аумағына тропикалық ауа келе бастайды. Онда алдағы үш күнде күн ыстық, құрғақ, ең жоғарғы ауа температурасы плюс 33-41ºС болады, дейді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: