Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік аймақтарында қар жауып, боран тұрып, көктайғақ және қатты жел тұрады деп күтілуде

Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ - 6-8 наурызда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар жауып, боран тұрып, көктайғақ және қатты жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Батыс Сібірге терең және белсенді циклон жылжуда. Циклонмен байланысты атмосфералық ағымдар Қазақстанның аумағы бойынша жоғары жылдамдықпен қозғалуда. Наурыздың 6-сында жылы ағымдар, ал 7-8-наурызда суық ауа ағымдары республиканың солтүстік жартысында қар жаудырып, борандатып, көктайғақтандырып, қатты жел тудырып, кей жерлерде 25-30 м/с жететінін, ал қысқа мерзімді температураның көтерілуінен кейін салқындау күтілуде», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарлама.
Хабарда айтылғандай, оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қараралас жауын), тұман, батыстан кей жерлерде күшті жел - 23-28 м/с болады.
«Қазақстанның оңтүстігінде дауыл туралы ескерту жарияланды: 6 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с,  күндіз облыстық оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп желдің болуы күтілуде», - хабарлама.
Таразда 6 наурызда желдің оңтүстік-батыстан, батыстан - 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
«6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, тау асуларында күшті жауын-шашын болады. Күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Түнде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да көп жел соғады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескертуі жарияланғанды.
5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашынның көбеюі (негізінен жаңбыр) күтілуде, мұның өзі мұз құбылыстарының әлсіреуіне және өзен арналарының тарылуына, жазықтарда еріген қар суының артуына және тау өзендерінңің тасуына ықпал етеді. Су деңгейі көтеріліп, су жайылмаларға тасып ағуы мүмкін.
5-6 наурызда Атырау және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасының қысқа мерзімге 0 +7 дейін көтеріліп, жауын-шашындатып (жауын, қардың) кей жерлерде күшті жауып, бұл қарды ерітіп, жазықтарда еріген қар суының тасуын тудырады.  

adimage