Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында қар жауып, бұрқасын тұрады

Күні: 13:42, 28-02-2018.

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – 1-3 наурыз аралығында Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында қар жауып, бұрқасын тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
"Қазақстанның орталық аймағынан ауысқан циклон үлкен жылдамдықпен солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Және 1 наурыз күні циклон республикадан ауысады. Бірақ, осы циклонға байланысы бар атмосфералық ауа ағындары солтүстік және шығыс аймақтарға қар мен боран алып келеді. Оңтүстікте жауын-шашын мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын қатты болып, тұман түсуі ықтимал», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Синоптиктердің болжамынша, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі солтүстік-батыс аймақтарда суық антициклон таралуда. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарына суық әкелмек.
«Көктемнің келуіне байланысты синоптикалық процестер өте жылдам өзгереді. Сондықтан, синоптиктер антициклон мен суық ауа райы ұзақ болмайды деп болжайды», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: