Алдағы үш күнде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында ауа райында жылынуды күтуге болады

Күні: 13:50, 26-02-2018.

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында 27 ақпаннан 1 наурызға дейін жылыну күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бойынша ауа температурасының түнде +1+60C, күндіз +5+150C-қа дейін жоғарылауы (ОҚО +200C-қа дейін), жауын-жашын түсуі (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты күтілуде. Осыған байланысты, қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болып өзен арнасындағы жерлерді су басуы мүмкін», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: