Астана. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік және орталық бөлігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бірнеше күнге жалғасқан жылы және құрғақ ауа райынан кейін республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен циклон келетін болады. Сондықтан, алдағы үш тәулікте солтүстік, сондай-ақ орталық облыстардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, 22 қыркүйекте қатты жауын-шашын болуы мүмкін», - делінген сәрсенбідегі синоптиктердің хабарында.
Циклонмен байланысты суық ауа ағындарының ықпалымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы осы кезеңдегі қалыпты температурадан 2...4°С төмен болады
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46