Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облысында жаңбыр, найзағай, қатты дауылды жел болады деп күтілуде

Күні: 17:24, 05-06-2017.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – 6-8 маусымда Қазақстанның басым облысында  жаңбыр, найзағай, қатты дауылды жел болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Н Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жаңа атмосфералық фронттар жылжуда. Республика аумағы арқылы жиі және тез қозғалған фронттардың ауысуы - Атлантиканың  тропосферада орныққан ылғалды ауа массасының батыс-шығыстық көшуімен  байланысты. Сондықтан, алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты дауылды жел болады, оңтүстігі және шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр болуы мүмкін. Осы ретте ауа тепмературасы климаттық нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде», - делінген дүйсенбідегі болжамда
Бұл ретте ауа температурасы климаттық нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде.  


Жаңалықтармен бөлісу: