Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде синоптиктер қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжауда

Алматы. 13 қазан. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстік аудандарында қар жауып, арты қарға ұласады, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Сонымен, 14 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады, жаңбыр жауып арты жылымақ қарға ұласады. Түнде ауа температурасы +1+6 градус, кей жерлерде 1-6 аяз болады, күндіз +7+12, кей жерлерде +15 градус болады.

15-16 қазанда Жамбыл және Алматы облыстарында кей жерлерде жауын-шашын болады, 15 қазан түнде таулы аудандарда қаты жауын-шашын болады, жаңбыр жауып, арты жылымақ қарға ұласады. Түнде ауа температурасы +2+7, кей жерлерде -3, күндіз +8+13, кей жерлерде +16 градус болады.

adimage