Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысында 21-23 маусымда кей жерлерде найзағайлы нөсер жауын мен бұршақ сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Салқын атмосфералық фронттар Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығыс аудандарына барынша ықпал етеді. Сондықтан мұнда кей жерлерде найзағайлы нөсер жауын мен бұршақ сақталады, Іле Алатауының тау маңындағы және таулы аймақтарында қатты жауын болады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, республиканың қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады, жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
«Батыс облыстарда ыстық саябырсиды, себебі тропосферадағы оңтүстік ағыстар солтүстік батысқа қарай өзгереді, және сол аумаққа Орта Орал аудандарынан салқын ауа бара бастайды», - делінген мәтінде
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36