Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі

Күні: 15:43, 21-06-2017.

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – 22-24 маусым аралығында Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа температурасы 40 градус ыстықтан да көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігінде өте ыстық болады, мұндағы күндізгі ауа температурасы +33+39 градус, кей жерлерінде +40+45 градусқа дейін көтеріледі», - деп көрсетілген сәрсенбі күнгі синоптиктердің хабарында.  
Республиканың батысы мен солтүстігінде ауа ағымының өтуімен ауа температурасы нормадан сәл төмен және норма шамасында болады. Қалған аумақтарда орташа климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары болады.
Астана мен Алматыда 22 маусымда ала бұлтты, жауын жаймайды, ауа температурасы +32+34°С. 23-24 маусымда аталған қалаларда өтпелі жауын жауады, күн күркірейді, жел соғады, күн күркіреген сәттері желдің екпіні 10-20 м/с болады, ауа температурасы +28 және +33 градус болады.


Жаңалықтармен бөлісу: