Алматы облысында көлемі 50 мың текшеметр лай көшкіні жүрді

Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысындағы таудан көлемі 50 мың текшеметр болатын лай көшкіні жүрді, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.

«19 мамырда жергілікті уақытпен 00.45-те Алматы облысы Талғар ауданында Талғар өзенінің бөгетінің төменгі жағында 500 м жерде көлемі 50 мың текше м. болатын лай көшкіні жүрді. Лай көшкіні Талғар тас жолы мен «Спутник» демалыс үйін басып қалды, электр тарату желісінің 2 бағаны мен телефон байланысының желісі құлады», - делінген жұмада таратылған хабарда.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ ақпарынша, сырғыған жер көлемі 50 мың текше метрді құрады. Лай Талғар - «Спутник» демалыс үйі тасжолын басып қалды. Тұрғындар мен көлік қозғалысын шектеу мақсатында оқиға орнында тәртіп сақшыларының күзеті қойылды. Лай көшкен аумақты бақылау және оқиға қайталанған жағдайда жылдам хабарлау үшін Талғар өндірістік-пайдалану бөлімінің мамандары мобильді бекет ұйымдастырды

Қазіргі таңда ол жерде Талғар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясы мен ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» мекемесі Талғар учаскесінің мамандары жұмыс істеуде.

adimage